Әуенмен өрілген өнер кеші
1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Осынау айтулы мерекеге орай өңірде ақсақалдар мен ақжаулықты аналарға арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтуде. Соның бірі — Облыстың бас мәдениет үйінде «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ұйымдастырған қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығымен әрленген «Әуенге айналған ғұмыр» атты ән кеші өтті.