Ерекше автокөлік құрастырған шебер
Таразда ерекше автокөлік пайда болды. Бұл — толығымен қолмен құрастырылған. Оның әрбір бөлшегінің өз тарихы бар. Мұнда әр дәуірдегі көліктердің элементтерімен қатар, аты аңызға айналған Harley-Davidson мотоциклінің бөлшектері де үйлесім тапқан. Алматыдағы автофестивальде көпшіліктің назарын аударып, үздік жобалардың қатарына енген көлікті жасаушылардың айтуынша, Қазақстанда мұндай көлік бұрын болмаған.