Елімізде конституциялық реформа орын алып жатқаны мәлім. Өзгеріс Ата заңның 77 бабын қамтиды. Бұл жалпы Конституцияның 84 пайызы. Оның жаңартылған түрі -Преамбула, 11 бөлім және 104 баптан тұратын болады. Ең басты өзгерістер бірпалаталы Парламент, яғни Құрылтайды құруға байланысты.
Конституциялық реформа аясында 145 депутаттан тұратын, пропорционалды сайлау жүйесімен жұмыс істейтін бірпалаталы «Құрылтай» Парламентін құру бастамасы көтерілді. Бұл жүйе саяси жауапкершілікті арттырып, заң шығару процесін оңтайландыруға бағытталған. Аталған бірпалаталы жүйе әлемнің көптеген елдерінде бар тәжірибе, дейді комиссия мүшесі.