Жамбыл облысында 3,2 млн тонна тұрмыстық қалдық жиналған. Оның небәрі 24,4 пайызы ғана сұрыпталып отыр. Бұл – «АМАНАТ» партиясы жанындағы Экологиялық мәселелер жөніндегі аймақтық кеңестің бүгінгі отырысында айтылған дерек. Жиында су қоймаларын жаңғырту, қалдықтарды өңдеу және өңірдің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстар талқыланды.