Байзақ ауданының диқандары биыл егін шаруашылығында жақсы нәтижеге қол жеткізді. 60 шаруа қожалығы 2140 гектарға жүгері егіп, күзгі жиын-терімде 6–7 тоннадан, 16–17 тоннаға дейін өнім алды. Биылғы мол өнім диқандар еңбегінің ақталғанының дәлелі.