Қазақстанда жаңа салынған кез келген үйдің кепілдігі 2 жылдан 10 жылға ұзарады. Бүгін мәжіліс атышулы құрылыс кодексін екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жіберді. Бұл -- саладағы бейберекетсіздікті жүйелейтін ең көлемді реформа. Тұрғын-үй тақырыбы көпшілікті алаңдататыны белгілі. Сондықтан депутаттар құжатқа 2 мыңнан астам түзету енгізген.