Көлбастау ауылында күннің қуатын табысқа айналдырған ерекше кәсіпкер тұрады. Елуді еңсерген ел ағасы Елужан Момышев өз ауласынан шағын күн электр станциясын іске қосқан. Қуат көзін өндіруден бастап, оны қаладағы энергия компаниясына сатуға дейінгі жұмыстарды өзі үйлестіреді.