30 студентке 1 жылдық оқу ақысы тегін төленді. Бұл ілкімді іс «Жомарт жан» орталығының «Еңбек елдің - ертеңі» атты іс-шарасында көрініс тапты. Басқосуға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, бірқатар басқарма басшылары мен меценаттар қатысты.