Алаяқтарды ауыздықтау қиын болып тұр. Мәселен өңірде биыл 700-ге жуық алдаудың арбауына түскендер шағымданыпты. Ал өткен жылы алаяққа алданғандар 198 болған. Бүгін осындай қитұрқылықтың алдын алу мақсатында студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.