Таразда халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» роман-триологиясының таныстырылымы өтті. Шығарманың мақсаты қазақ әдебиетіндегі заманауи әйел бейнесінің көркемдік моделін көрсету, жазушы шығармашылығындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, қоғамның рухани өміріндегі әйел тұлғасының орны мен рөлін дәріптеу.