Таразда әскер қатарына шақырылған сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті. Күзгі шақырылым аясында Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге келген сарбаздар салтанатты түрде ант берді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Тараз гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің 400-ден астам әскери қызметшілері тәуелсіздік пен бейбітшілікті сақтау жолындағы қызметке дайын екендіктерін жеткізді.