Жамбыл облысында ауылдық білім беру жүйесін дамытуға және педагогтердің кәсіби әлеуетін нығайтуға бағытталған «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» семинар-тренингі өтті. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «Ауыл» партиясының және Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асуда.