Қоғамдағы әйелдер қауымының белсенділігін арттыру мен көшбасшылығын дамыту жайы әлі де болса өзекті. Бұл – мемлекет басшысының назарындағы басты мәселенің бірі. Әйелдердің өңірлік басқаруға қатысуын дамыту мәселесі бүгін «AMANAT» партиясының облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысында жан-жақты талқыланды.