Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» керуені аудандарға аттанды. Профилактикалық керуен өңірде ғана емес еліміз бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл -полиция, прокуратура және жергілікті атқарушы органдар, заңгерлер мен психологтардан құралған мобильді топ. Олар аудандарды аралап, шалғайдағы елдімекен тұрғындарының өтінішін тыңдап, сол жерде кеңес береді. Керуен Меркі ауданына ат басын тіреді.