«БӘЙТЕРЕК» холдингі инвестициялық холдингке айналады. Елімізге инвестиция тартатын басты драйвер болады. Бүгін бұл жөнінде Сенатта журналистердің сұрағына жауап берген Премьер-Министр орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті. Вице-Премьердің сөзінше, еліміздегі маңызды жобалар осы холдинг арқылы жүзеге асады. Және ол жобалар еліміздің экономикалық өсуіне оң ықпалын тигізеді деп болжанып отыр. Негізгі бағытта мұнай, газ, металургия, көмір өңдеу, химия, ауылшаруашылық, туризм және жасанды интеллект салалары бар.