Таразда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға өңірдегі 40-тан астам мекеме қатысып, түрлі салалар бойынша 200-ден аса бос жұмыс орындарын ұсынды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл ерекше жандарға өзінің сүйікті ісімен айналысып, табыс табуына ерекше мүмкіндік.