Пресс-турға қатысқан журналистер Әулиеатадағы бірқатар әлеуетті кәсіпорындар мен көкөніс сақтау қоймаларының жұмысымен де танысты. Облыстың экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырған бұл өндіріс ошақтарының ашылғанына көп бола қойған жоқ. Шығаратын өнімдері тек ішкі нарықты қамтып қана қоймай, экспортқа да шығарылады.