Жуалы ауданының Көлбастау ауылында 149 орындық жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынды. Заманауи мәдени нысанның ашылуы – ұзақ жылдар бойы мәдени инфрақұрылымның жаңаруын күтіп жүрген жергілікті халық үшін елеулі оқиға.