Тамыз конференциясының пленарлық отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласында жасанды интеллекттің маңызын атап өтіп, оны жүйеге енгізуді жылдамдатуды жүктеді. Мемлекет басшысы әлемде басталған жаңа техноэпоханың басты қозғаушы күші – инновациялар мен жасанды интеллект екенін айтты. Осы мәселелер бүгін мектеп жетекшілері мен салалық мамандардың қатысуымен өткен кездесуде талқыланды.