Биыл Қазақ телевизиясын Кеңестік уақытта басқарған алғашқы басшыларының бірі- Құрманбек Сағындықовтың туғанына - 115 жыл. Осыған орай оның туған жері Жуалы ауданында салтанатты жиын өтіп, қоғам қайраткерінің көзі тірісінде ел мүддесі үшін атқарған еңбегі еске түсірілді.