Байзақ ауданының Үлгілі ауылында балалар ойын алаңының құрылысы басталды. Тұрғындар көптен күткен нысан облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен жүзеге асып отыр. Жобаға қажетті қаржы гранттық байқау арқылы бөлініп, қазір алаңды орнату жұмыстары жүріп жатыр.