«Еңбек – адам өмірінің мәні мен берекесі» дейді дана халқымыз. Бұл сөздің мәнін ісімен дәлелдеп жүрген жандардың бірі – Ақтоған ауылдық округінің тұрғыны Медет Қилыбаев. Ол өз еңбегімен кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, ауыл ішінде жиһаз жасау ісін дамытып отырған тәжірибелі шебер.