Елімізде ұлттық валютамыз шыққан күн – қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен қатар аталып өтеді. Бұл күн – теңгеміздің пайда болуының бастауында тұрған ардагерлердің еңбегін еске алуға және қаржы жүйесінің қазіргі қызметкерлерінің лайықты еңбегін атап өтуге мүмкіндік береді. Төл мереке қарсаңында ел экономикасының ілгерілеуіне күш салып жүрген қаржы саласының қызметкерлері марапатталды.