Елімізде мәйт донорлығы дамымай тұр. Кенжелеп қалған саланың мәселесі де күрделі. Айтуға оңай болғанымен, істеуге ауыр келетін істі ел болып қолдаса, кезегін күткен қаншама науқас денініне дауа, дертіне шипа табар еді – дейді, ақ халаттылар.
Өткен жылдың еншісінде бір ғана ми өлімімен тіркелген науқастан алынған ағза алты адамның өмірін жалғап, отбасына оралуына сеп болған.