Жамбылда жол жөндеу барысында сапасыз жол құрылысы мен заң талаптарын сақтамаған мердігерлерге 3,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.Сондай-ақ, сот шешімімен бір компания заңға қайшы әрекет жасады деп танылса, 2 мердігер бойынша сот процесі жүріп жатыр.

Бұл туралы бүгін «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Өңірлік даму» жөніндегі аймақтық кеңесте айтылды.