Хоум Кредит банктің «Жасыл аллея» атты ауқымды экологиялық жобасы Таразда қорытындыланды. Банктің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған экожоба еліміздің қалаларын көгалдандырып және жасыл аймаққа айналдыруды көздейді.
Бір жыл ішінде банк Қазақстанның 12 қаласына ағаш көшеттерін отырғып, 12 «Жасыл аллея» орнатты.Соның бірі Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы Тараз халықаралық университетінің аумағында орналасқан.