Шу ауданында шу болған қос елді мекен арасындағы күре жолдың құрылысы басталды. Қырық жамау, шұрық-тесік болған жолға 55 жыл болыпты. Ал оның ұзақтығы 56 шақырымды құрайды. Жыры бітпеген жол жайында Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков баспасөз алаңында ретімен тарқатып берді.