Таразда корей этносының бай мәдени мұрасын кеңінен танытуды мақсат еткен театрландырылған қойылым көрерменге жол тартты. Сахналық туынды кәріс халқының дәстүрі мен рухани әлемін өнердің тілімен ашып, тарихи сабақтастықты жаңа қырынан көрсетеді. Қойылымның әрбір көрінісі – мәдениет пен өнердің тоғысқан тұсы, көрерменді ұлттық бояуы қанық өзгеше атмосфераға жетелейді.