Енді 1 куб метан газы 140 теңге. Таразда жаңадан автомобильге газ толтыру компрессорлық станциясы пайдалануға берілді. Көлік инфрақұрылымын газға ауыстыруды қолдайтын маңызды нысан салтанатты түрде ашылды. Шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, жобаның өңір үшін маңызын атап өтті.