Жамбыл облысында бір мезетте бірнеше нысан пайдалануға берілді: бу-газ электр станциясының құрылысы басталып, екі зауыт іске қосылды, сондай-ақ, кіші өнеркәсіп аймағы ашылды. Өңірдің экономикалық дамуына соны серпін беретін кәсіпорындардың әлеуеті журналистерге таныстырылды. Арнайы ұйымдастырылған пресс-турда БАҚ өкілдері аймақтағы өзге де индустриалды жобалардың жұмысын көріп, мүмкіндіктерімен танысты.