Таразда тұратын татарлар жыл сайын өтетін «Татарча диктант» атты әлемдік акцияға жиналды. Бұл диктанттың негізгі мақсаты – татар тілін сақтау және кеңінен насихаттау. Іс шараға тек аға буын ғана емес, ата-баба дәстүрі мен бүгінгі күнді байланыстыратын ана тілін қадірлейтін жастар да белсенді қатысты.