Таразда Арал өңірінің экологиясын қалпына келтіруге бағытталған бірегей жоба таныстырылды. «Өнеркәсіптік қалдықтан – тіршілік көзіне» деген сұраққа жауап іздеген ғалымдар екі жылдық зерттеулердің нәтижесін ұсынды. Зерттеу көрсеткендей, тыңайтқыш өндірудің жанама өнімі фосфогипс — құрғаған теңіз табанындағы тұзданған топырақты қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл құм мен тұз дауылдарының алдын алып, орман өсіруге жағдай жасай алады.