Шу ауданында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мазмұнды мәдени-рухани шара өтті. Абай мұрасын дәріптеуді мақсат еткен жиында ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды. Ұйымдастырушылар Абай әлемін тану – ұлт руханиятын терең түсінудің бір жолы дейді.