Бүгінде еліміздің кальцилендірілген содаға қажеттілігі 350-400 мың тоннаны құрайды. Ірі өндіріс жоқ болғандықтан бұл көлем толықтай импорт арқылы қамтамасыз етіліп отыр. Осы тәуелділікті жою мақсатында Жамбылда кальцилендірілген сода шығаратын зауыт салынуда. Бұл кәсіпорын – өңір экономикасына жаңа серпін беріп, жұмыс орындарын ашып, халықтың әл ауқатын оңалтуға сеп болады деген сенім бар. Бұл туралы Сарысу ауданында БАҚ өкілдері арасында өткен республикалық баспасөз-турында айтылды.