Енді жүгері егіңіз. Өнімді өткеруде қиындық болмайды. Күн шығыс елінің кәсіпкерлері жүгеріні терең өңдейтін зауыт салуда. Өндіріс ошағы Орталық Азиядағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі. Жалпы, нақтылы кезеңде Шу ауданы экономикалық салымның мекеніне айналып келеді.
Мәселен «Жібек Жолы» арнайы экономикалық аймағы еліміздегі ең ірі инвестициялық және өндірістік орталықтардың бірі болып отыр. Мұнда жалпы құны 972,4 млрд теңгені құрайтын 24 ірі жоба жүзеге асырылып, 4 397 жаңа жұмыс орны ашылмақ.