«AMANAT» партиясының облыстық филиалында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында маңызды жиын өтті. Кеңес отырысына қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты. Күн тәртібінде «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөнінде нақты қадамдар айтылып, 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар қаралды.