Тұрғындар енді кезек күтіп, уақытпен санасып, полиция бөлімшесінің есігін қақпайды. Себебі, облыста алғаш рет Заң мен тәртіп профилактикалық керуені басталды. Бұл полиция қызметкерлері мен прокуратура өкілдері және жергілікті атқарушы органдардан құралған мобильді топ.