Бүгін үкіметте халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған бағдарлама бекітілді. Оны үкіметтің өзі, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігі бірлесе іске асырмақ. Құжат алдағы үш жылға арналған. Бұл мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін қажет. Яғни, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету және импортқа тәуелділікті азайту басты міндет болып отыр.