Таразда қыздардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға арналған семинар-практиум өтті. Оған №54, №61 және №69 орта мектептердің 8-9 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Жалпы 90 адамды қамтыған жиында мамандар күнделікті ортада кездесетін қауіптерді тану, жеке шекараны сақтау және интернеттегі қауіпсіздік туралы түсінік берді.