Соңғы уақытта туындап отырған су тапшылығы – қоғамдағы өткір мәселенің біріне айналды. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету айтарлықтай қысқарып, жүйелі суарылатын алқап екі есеге жуық кеміді. Тіршілік нәрін тиімді тұтыну тақырыбы күн тәртібінен түспек емес. Осы орайда Таразда су пайдаланушы шаруашылықтарға арналған семинар өтті.