Әскери резерв туралы заң талаптары қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де орындала бастады. Таразда әскери резервке қызмет етуге дайын алғашқы кандидаттар анықталды. Бұл – жергілікті әскери басқару органдары мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы офицерлерінің түсіндіру жұмыстарының нәтижесі.Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында әскери резервке қосылуға ниет білдірген азаматтармен кездесу өтті..