Таразда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүрек жылытқан акция өтті. Қала прокуратурасы, пробация қызметі және жастар ортылығы бірігіп, жалғызбасты қарттардың ауласын тазалап, тұрмыстық қолдау көрсетті.
Игі іске еріктілер мен пробация есебіндегі азаматтар қатысып, барлығы 30-ға жуық азамат 5 мекенжайды ретке келтіруге жұмылды.