Жамбыл облысында футбол академиясының құрылысы басталды. Қазақ футболының ұстаханасы атанып, талай талантты спортшыларды сыйлаған өңірден енді жас жеткіншектер көптеп шығатын болады.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа футбол академиясының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысып, бұл жобаның өңір спорты үшін маңызын атап өтті.