ҚР ішкі істер министрінің тапсырмасымен төрт облыстың полиция басшылары республикалық жолдардағы апатты саналатын учаскелерді аралап шықты. Бұл — Алматы, Жамбыл, Түркістан және Ақтөбе өңірлері. Дәл осы аумақтарда адам шығынына алып келетін жол-көлік оқиғалары жиі тіркеледі.