55 жылдан астам тарихы бар Жаңатас қаласының ажары әлі де ашыла түспекші. Үкіметтің моноқаларды дамыту жөніндегі қаулысына орай кешендік жоспар жасалып, онда 2027 жылға дейін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту көзделіп отыр. Сондай-ақ мұнда қараусыз қалған көп қабатты үйлерді қалпына келтіру де қарастырылған.