Ауылдағы шағын бизнес. Меркі ауданына қарасты Андас Батыр ауылының тұрғыны Камиль Мамоев кілем жуу ісін кәсібіне айналдырып, ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп келеді. Ол бұл бағытта 2015 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп, тәжірибесі мол орталықтың иесі атанып отыр.