Жамбылда жыл сайын шамамен 280 адам зорлық-зомбылықтан қорған іздеп, дағдарыс орталығына жүгінеді. Бұл дерек білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы өткізген жиында айтылды. «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясындағы басқосуда отбасы құндылықтары таразыланды.