«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханасында ашық есік күні өтті. Келушілер мұнда ақпараттық қорды пайдалану мүмкіндіктерін көріп, жаңа әдебиеттермен танысты. Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыруға бағытталған «Кітаппен бірге жарқын әлемге!» атты әдеби аялдама ұйымдастырылды.