Жамбыл облысында жылына 25 мың тонна натрий цианидін өндіретін кәсіпорынның іргетасы қаланды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, өндіріс орны өңір экономикасын дамытуда ерекше орынға ие болатынын жеткізді. Бұл жоба Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер аясында жүзеге асырылып отыр.