Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы кең көлемде жалғасын тауып келеді. Тазалық іс – шарасында жастардың белсенділігі жоғары.
Мәселен бүгін «Қазіргі заман» гуманитарлық-техникалық колледжі «Байтақ» жасылдар партиясы белсенділері елдегі экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тазалыққа шақыруда жастардың үлесін жоғары бағалады. Өйткені аймақта акция басталғалы 110 мыңнан астам адам қатысса, оның тең жартысы жастар. Олар 60-қа жуық тарихи-мәдени ескерткіштерді, 100 мың шаршы метрден асатын тұрғын үй аулаларын тазартқан. Сондай-ақ бүгін жастар жиын өткізумен шектелмеді. Олар Аса өзенінің жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.